АҚШ-та бес жыл ішінде мектеп қабырғасында мыңнан астам атыс оқиғасы болды
АҚШ-та соңғы бес жылда мектеп қабырғасында 1 мыңнан астам атыс оқиғасы болды. Бұл өткен жарты ғасырдағы кез келген басқа ұқсас кезеңмен салыстырғанда айтарлықтай көп. Бұл туралы АҚШ-тағы K-12 school Shooting Database зерттеу орталығы хабарлады.
Орталықтың мәліметінше, 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін АҚШ-тағы мектеп қабырғасында 1050-ге жуық атыс оқиғасы болған. 1970-2017 жж. қоса алғанда, ел мектептерінде жылына 60-тан аспайтын ұқсас жағдай тіркелді. Сонымен бірге 2018-2023 жж. қоса алғанда орталық жыл сайын кемінде 115 жағдайды тіркеді.
Мектеп аумағындағы оқиғалардың ең көп тараған орны көлік тұрағы.
АҚШ президенті Джо Байден елде болып жатқан «қарулы зорлық-зомбылық эпидемиясымен» күресу қажеттігін алға тартуда.
Тек осы жылдың басынан бастап АҚШ-та қоғамдық орындарда 130-дан астам атыс болды. Оқиға салдарынан 4,3 мыңға жуық адам қаза тапты.