Елімізде конструктор көліктерді заңдастыру 22 мамырда басталады
![автоконструктор](https://cdn-kz.kursiv.media/wp-content/uploads/2023/05/auto-679874_1280-1024x682.jpg)
22 мамырдан бастап Қазақстанға қосалқы бөлшектер түрінде әкелінген автомобиль иелері оларды ХҚКО-да заңдастыра алады, деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі. «Автоконструкторларды» заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.
Ведомствода қозғалыс құралдарын тіркеуден өту тәртібі туралы айтылды
1-қадам: Онлайн өтінім беру және оны электрондық тіркеу (автоконструкторлардың барлық иелеріне автоматты түрде бас тарту және АХҚКО-да ПО қызметкеріне қолда бар құжаттарды ұсыну қажеттілігі туралы хабарлама жіберілетін болады).
2-қадам: ПЦ қызметкері көлік құралдары құжаттарының дұрыстығын тексереді және көлік құралдарын критерийлеріне сәйкес келген жағдайда к/қ электрондық мақұлдау парағына енгізеді.
3-қадам: Өтініш беруші қайтадан онлайн өтінім береді және электрондық мақұлдау парағы бойынша алдын ала тексеруден өтеді, сарапшы-криминалист салыстыру үшін к/қ ұсынумен тексеру пунктіне жібереді.
4-қадам: Салыстырып, тексеруден сәтті өткеннен кейін өтініш беруші ХҚКО-ға барлық қажетті құжаттарды, оның ішінде диагностикалық картаны ұсынады және мемлекеттік баж 200 000 теңге мөлшерінде алым төлейді.
Естеріңізге сала кетейік, заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.