Синан Оған Ердоғанның кандидатурасын қолдайтын болды

Жарияланды

Фото: shutterstock.com

14 мамырда Түркияда өткен президент сайлауының бірінші кезеңіндегі нәтиже бойынша үшінші орынға тұрақтаған үміткер Синан Оған мәлімдеме жасады. Ол алдағы 28-мамырда өтетін президент сайлауының екінші кезеңінде қазіргі мемлекет басшысы Режеп Тайип Ердоғанды қолдайтынын ресми мәлімдеді.

Синан елдегі ең ірі саяси дода президенттік сайлауға «Ата» альянсының атынан үміткер ретінде қатысып, нәтиже кезінде сайлаушылардың 5,17 пайызының қолдауыан ие болған еді. Бір қызығы кейбір сарапшылар осы «Ата» альянсына кіретін «Жеңіс» партиясының көшбасшысы Умут Оздағты сайлау кезінде екінші орынға табан тіреген, екінші кезеңдегі Ердоғанның негізгі қарсыласы болатын Кемал Кылычтароғлұны қолдауы мүмкін деген пікір айтады. Жергілікті ақпарат құралдарының жазуынша екі саясаткер бүгін бірлескен мәлімдеме жасауы тиіс.

Естеріңізге сала кетейік, 14 мамырдағы сайлауда Режеп Тайип Ердоған 49,5, ал басты қарсыласы Кемал Кылычтароғлұ 45 пайыз дауыс жинаған болатын.

Елдегі сайлау заңына сәйкес жеңіске жету үшін үміткердерлің бірі кем дегенде 50 пайыз дауыс алуы қажет.

«Қос үміткермен де кездестім. Өзара ілпипат пен сыйластық аясында сөйлестік. Сол үшін оларға алғыс айтқым келеді. Әртүрлі келіссөздер, кеңесу мен қарапайым халықтың талап-тілегінің негізінде мен екінші кезеңде «Халықтық альянстың» үміткері Режеп Тайип Ердоған мырзаны қолдайтынымды мәлімдеймін. Сонгымен қатар, бірінші кезеңде бізге дауыс берген сайлаушыларымызды 28-мамыр күні өтетін сайлаудың екінші кезеңінде Ердоған мырзаны қолдауға шақырамын»,-дедіә өз мәлімдемесінде ел президенттігінен экс-үміткер Синан Оған.

Түркиядағы жағдайды жіті ақдағалап отырған сарапшылар Оғанды «киңмейкер» деп атаған болатын. Яғни, бұл лайықты үміткер болмаса да сайлау нәтижесіне әсер ету мүмкіндігі бар адам деген сөз.

Сондай-ақ оқыңыз