Мемлекеттік қарыз шегіне қатысты келіссөзді күткен АҚШ қор индекстері құлдырады
Фото: kursiv.media
Сейсенбі күнгі сауда-саттықта АҚШ индекстері күрт құлдырады. Оған себеп – АҚШ-тың мемлекеттік қарыз шегіне қатысты белгісіздік. Нарық келіссөздерді күтіп отыр, деп хабарлайды interfax.kz.
Dow Jones Industrial Average 231,07 пунктке (0,69%) төмендеп, 33 055,51 тармақты құрады. Индекске енген компаниялардың ішінде Visa Inc акциялары 2,9%-ға арзандап, аутсайдерлар қатарына табылса, Chevron Corp. бағалы қағаздары керісінше, 2,9% өсті.
Ал Standard & Poor’s 500 47,05 пункт (1,12%) төмендеп, 4145,58 тармақты құрады. Nasdaq Composite 160,53 ұпай(1,26%) жоғалтып, 12 560,25 тармақта тұрақтады.
SPI Asset Management компаниясының басқарушы серіктесі Стивен Иннес: «қазір нарықты қарыз лимиті ғана алаңдатып отырған сияқты», – деді.
АҚШ Қаржы министрі Джанет Йеллен бір күн бұрын мемлекеттік қаржы 1 маусымда-ақ таусылуы мүмкін екенін мәлімдеген еді.
«Егер келісімге қол жеткізілмесе, АҚШ ұлттық қарыз бойынша пайыз төлеуді тоқтатуы мүмкін. Бұл қарыз алу құнының өсуіне әкеліп соғады және бүкіл әлемдік экономика әсер етеді.Бұл жағдайда қалыпты рецессиямыз дауылға айналып, ал АҚШ қаржы жүйесіне деген сенімге селкеу түседі», – деп жазды сарапшы Сюзанна Стритер.
Сонымен қатар, сейсенбі күні Америка Құрама Штаттарында жаңа үйлердің сәуірдегі сатылымы алдыңғы аймен салыстырғанда 4,1% өсіп, 2022 жылдың наурызынан бергі ең жоғары көрсеткішті жаңартып, жылдық мәнде 683 мыңды құрағаны белгілі болды.
Нарық қатысушылары ірі компаниялардың тоқсандық есептерін де бақылап отыр.
Кеше Zoom Video Communications (SPB:ZM) акциялары 8,1% арзандады. Қашықтан видеобайланыс қыметін ұсынатын компания соңғы қаржы тоқсанындағы таза кірісі күрт азайғанын хабарлады.
Lowe’s Cos бағасы 1,7% өсті. Соңғы қаржы тоқсанында компания таза кіріс пен түсімі азайып, ал түзетілген кірісі мен табысы нарықтық болжамдардан жақсы болды.
Dick’s Sporting Good компаниларының акциялары 1,4% төмендеді. Спорт тауарларын сатушы өткен қаржылық тоқсандағы кірісі мен табысының өскеніне қарамастан, ағымдағы қаржы жылына арналған болжамды растады.
Электрокөлік шығаратын Lordstown Motors Corp өзінің қарапайым акцияларын 1:15 қатынасында шоғырландыру жоспарын жариялағаннан кейін, 5,3% төмендеді.
KASE индексі 0,11% төмендеп, 3 583,03 тармақты құрады, Акциялары қор индексіне енген алты компания бағалы қағаздарының саудасы теріс мәнде аяқталды.
Лондон қор биржасында Қазатомөнеркәсіп бағалы қағаздарының бағасы 0,5% – $27,85-ке, Kaspi акцияларының құны 0,4% – $77,5-ке, Halyk Bank GDR құны – $14,08 арзандады.