Мыс өндіру көлемі 380 мың тоннаға жетті -KAZ Minerals

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Елімізде ірі мыс өндіруші компания саналатын KAZ Minerals өткен жылдың қорытынды есебін жариялады.

Есепте мыс өндірісі 2022 жылы 27%-ға артып, 380 мың тоннаға дейін өскені жазылған. 2021 жылы бұл көрсектіш 299 мың тонна болған.

«Биылғы жылы компания Ақтоғай сульфидті байыту фабрикасында әлемдік деңгейде өндірісті ұлғайтты. Компанияның басқа да өндірістік алаңдарында өте жақсы өндірістік көрсеткіштерге жетіп, рекордтық көлемге қол жеткіздік», дейді КAZ Minerals Тобының Басқарма төрағасы Эндрю Саузам.

Әсіресе, Ақтоғай екінші сульфидті фабрикасынының өндірісі артқан. 2022 жылы бұл фабрикада 227 мың тонна мыс өнідіріліп, өндіріс көлемі 64%-ға жеткен. Бұл 2021 жылғы көрсеткіштен екі есе көп, онда 138 мың тонна мыс өндірілген.

Өткен жылдың көрсеткіштері жақсы болғанымен, төртінші тоқсанда өндіріс біраз кенжелеп қалған. Бұл кезеңде мыс өндірісі 10%-ға, яғни 98 мың тоннаға дейін төмендеген екен. Оған техникалық жағдайлар себеп болған.

Ал алтын өндірісіне келер болсақ, 2022 жылы 171 мың унцияға жеткен. Бұл алдыңғы жылғымен салыстырғанда 2%-ға артық. Ол жылы 167 мың унция алтын өндірілген. Сары алтынды өндіруде Бозшакөлдің өнімділігі артқан. Алтынның көп мөлшері шоғырланған кен орны да көрсеткіштердің артуына әсер еткен.

2022 жылы мысты өткізу көлемі мыс өндірісінің көлемінен асып түскен.  Өткен жылы 382,3мың тонна мыс сатылған. Өндірілген көлемнен шамамен екі мың тоннаға артық. Мұндай айырмашылық 2023 жылы сатуға жоспарланған дайын өнімнің жинақталған қорын сату негізінде пайда болған.

Сондай-ақ оқыңыз