Kids go free бағдарламасымен биыл 2000-нан аса бала қамтылады – Асхат Оралов
Фото: Kursiv.media
Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі бейсенбіде өткен Үкімет отырысында мәлімдеді. жалпы балалармен қолайлы отбасылық демалысты ынталандыру мақсатында Министрлік өткен жылдан бастап турпакет құрамында балалар авиабилетін субсидиялау бағдарламасы- Kids go free іске асыруда.
«Бағдарлама негізінде бірінші жылдың қорытындысы бойынша турпакет құрамында 1 500 бала тегін ұшты. Биыл біз осы бағдарламаны іске асыруды жалғастырамыз, 2 000-нан астам бала қамтылады деп күтілуде», деді Асхат Оралов.
Осылайша Министрлік ішкі туризмді дәріптеу және қазақстандықтардың демалысқа жұмсалатын шығынын 30%-ға қысқартуға ықпал етуді жоспарлап отыр.
Асхат Ораловтың айтуынша, жазғы демалыс кезінде мәдениет саласында 500-ден астам, спорт және туризм салаларында 300-ге жуық іс-шара ұйымдастырылатын болады. Мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыс аясында үйірмелер мен секциялардың 114 түрі қызмет етіп жатыр.
«Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде және Мемлекеттік орталық музейде жазғы демалыс мезгілінде экскурсиялар мен көрмелер ғана емес, «Жас экскурсия жүргізушілері», «Жас домбырашылар», «Жас өлкетанушылар» үйірмелері тегін жүргізілуде», деді ол.
Ораловтың айтуынша, ерекше қажеттіліктері бар балаларға айрықша көңіл бөлінеді.
Осы бағытта «Children Paralympic Games 2023» инклюзивті спорт фестивалі өткізіледі. Оған еліміздің барлық өңірінен «ерекше» балалар (6 жастан 15 жасқа дейін және одан жоғары) қатысады, «Инклюзивті хореография» үйірмесінің тәрбиеленушілері арасында би байқауы өтеді. «Саламатты болашақ» әлеуметтік жобасы аясында «Тең мүмкіндіктер әлемі» Қоғамдық қорымен бірлесіп тегін бейімделген спорт секциялары ұйымдастырылады», деді Асхат Оралов.
Министрлік ұйымдастыратын балаларға арналған іс-шаралар мен жобалар тегін екенін атап өтті, ол.