Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысы өтті

Жарияланды

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) Мәскеуде өткен кезекті отырысына қатысты.

Шағын форматта өткен жиынға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар Ресей Федерациясының Президенті – ЖЕЭК төрағасы Владимир Путин, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, сондай-ақ Еуразия экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясникович қатысты.

Жиын барысында мемлекет басшылары Еуразиялық экономикалық одақтың қызметі мен даму перспективаларына қатысты мәселелерді талқылады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бір күн бұрын Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысу үшін Мәскеуге келді. Онда сөйлеген сөзінде ЕАЭО аясындағы интеграция, ең алдымен, экономикалық сипатқа ие екенін айтты.

Сондай-ақ оқыңыз