Тоқаев Қазақстанның Одақты дамытуға қатысты пікірін білдірді
Жарияланды
Біздің елдеріміздің экономикалық әлеуетін дәйекті түрде арттыру қажет. Бұл туралы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Мәскеудегі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында сөйлеген сөзінде мәлімдеді.
«Қазақстанның Одақты дамытуға қатысты ұстанымы – елдеріміздің экономикалық әлеуетін дәйекті түрде арттыру. Яғни, жобалар, технологиялар, жұмыс орындары, салықтар.
Біз күш біріктіре отырып, алдымызға қойған барлық міндетті табысты атқаратынымызға және Еуразиялық экономикалық одақты дамудың анағұрлым жоғары деңгейіне шығаратынымызға сенімдімін»-деді Президент.