Ақорда Тоқаевтың алдағы күндерге жоспарын жария етті

Жарияланды

Президенттің баспасөз қызметі Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдаңы күндерге арналған жоспарын жария етті.

Ақпаратқа сәйкес, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 29 мамыр күні Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барады.

«Президент өңірдегі көктемгі егіс науқанымен танысып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездеседі, сондай-ақ әлеуметтік нысандарды аралап көреді» делінген хабарламада. 30 мамыр күні Ақордада бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдау рәсімі өтеді.

Ал, 2 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында өтетін екінші «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» саммитіне қатысады деп жоспарланып отыр.

Сондай-ақ оқыңыз