Қырғызстанда балабақшаларды лицензиялауды алып тастауды ұсынды
Жарияланды
Депутат Жанар Ақаев балабақшаларды лицензиялауды алып тастауды ұсынды. Бұл туралы ол Парламенттің әлеуметтік саясат жөніндегі комитетінің отырысында хабарлады.
Ұлттық статистикалық комитеттің мәліметінше, Қырғызстанда алты жасқа дейінгі балалардың 24 пайызы ғана балабақшаға барады.
«Егер кәсіпкер балабақша ашқысы келсе, ол 14 органнан анықтама ұсынуы керек! Қазақстан мен Өзбекстанда жаңадан ашылған мектепке дейінгі мекемелерді лицензиялау тоқтатылды. Бұл заң жобасында осындай норма қарастырылған. Балабақша ашатын кәсіпкерге тек өрт және санитарлық қызметке хабарлау қажет», – деді Жанар Ақаев.