Көлікке VIP-нөмірді онлайн броньдауға болады
Фото: kursiv.media
Былтыр автокөлік иелері шамамен 6 млрд теңгеге VIP-нөмір сатып алған. Енді VIP мемлекеттік нөмірді алдын-ала онлайн таңдауға болады деп хабарлайды Polisia.kz.
ІІМ осындай нөмірлерді алдын -ала таңдап, броньдау үшін арнайы сервис әзірлеген. Бұл сервис Цифрлық даму министрлігінің «Smart Bridge» сервистер сөресінде орналастырылған.
Сервис мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған барлық интеграциялық платформаларда, оның ішінде екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшасында бар.
Сонымен қатар, уәкілетті орган осы қызметті еGov.kz электрондық үкімет порталындағы жеке кабинеттерге шығару мәселесін пысықтап жатыр. Бұл жыл сайын 20 мыңнан астам азаматқа мобильді қосымша арқылы, ХҚКО-ға бармай-ақ онлайн-режимде «беделді» нөмір таңдауға мүмкіндік береді.