Тарифтер негізсіз өспейді: Ұлттық экономика министрлігі мәлімедеме жасады
Ұлттық экономика министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Табиғи монополияларды реттеу комитеті «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын іске асыру бойынша өтінімдерді қарап жатыр. Бұл өтінім арқылы табиғи монополистер инвестициялар мен жөндеу жұмыстарының сомасын ұлғайту үшін үшін инвестициялық бағдарламаларды бекітуі тиіс.
Ақпаратқа сәйкес, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің аумақтық департаменттерінде тозу деңгейі жоғары табиғи монополиялар субъектілерінің 71 өтінімі қаралуда. Ағымдағы айдың соңына дейін ТМС-тың тағы 5 өтінімі келіп түседі.
Салалар бойынша жағдай мынадай:
жылумен жабдықтау: 10 өңірден 21 өтінім түсті (Алматы қ, ШҚО, СҚО, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, Жамбыл, Абай облыстары), тағы 2 өтінім келіп түседі деп күтілуде (Павлодар, Жетісу облыстары)
электрмен жабдықтау: 13 өңірден 16 өтінім түсті (Ақмола, Ақтөбе, Маңғыстау, Қарағанды, Қостанай, Жетісу облыстары, Алматы қ. және Алматы, Жамбыл, БҚО, СҚО, ШҚО және Абай облыстары)
сумен жабдықтау: 8 өңірден 13 өтінім түсті (Ақмола, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, ШҚО, Абай, Ұлытау облыстары), тағы 1 өтінім келіп түседі деп күтілуде (Алматы облысы).
су бұру: 11 өңірден 21 өтінім түсті (Ақмола, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Маңғыстау, Ақтөбе, ШҚО, БҚО, Абай облыстары және Шымкент қ.) тағы 2 өтінімнің келіп түсуі күтілуде (Алматы, Түркістан, Ұлытау облыстары).
«Белгілі бір тарифті өзгерту туралы шешім қабылдамас бұрын тұтынушылардың, жұртшылықтың, мәслихат депутаттарының, «Атамекен» ҰКП және БАҚ өкілдерінің қатысуымен жария тыңдаулар өткізіледі. Айтылған пікірлер тарифтерді қалыптастыру кезінде ескеріледі. Сонымен қатар, тарифтердің қалыптасуына әр өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы да әсер етеді, тарифтердің негізсіз өсуіне жол берілмейді, тариф халық үшін әділ және қолайлы болады», делінген хабарламада.
Жаңа тарифтер тұтынушылардың қаражаты есебінен ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік бюджет және монополистердің есебінен де қалыптасады.
«ҚР ҰЭМ ТМРК өңірлік департаменттерінің міндеті – аталған іс-шаралардың экономикалық орындылығын талдау. Себебі, оның қорытындысы бойынша тариф қалыптасады. Әрбір өтінім ҚР ҰЭМ ТМРК-ның аумақтық департаменттерімен мұқият қаралады және талданады», делінген хабарламада.
«ҚР ҰЭМ ТМРК өңірлік департаменттерінің міндеті – аталған іс-шаралардың экономикалық орындылығын талдау. Себебі, оның қорытындысы бойынша тариф қалыптасады. Әрбір өтінім ҚР ҰЭМ ТМРК-ның аумақтық департаменттерімен мұқият қаралады және талданады», делінген хабарламада.