Toyota сәуір айында автомобиль өндірісі бойынша рекордқа қол жеткізді
Жарияланды
Жапондық Toyota Motor Corp. 2023 жылдың сәуір айында өндірісті жылдық өлшемде 13,8% – ға, яғни 787,8 мың автомобильге дейін арттырды. Бұл компания үшін рекордтық көрсеткіш болды. Бұл туралы interfax.ru хабарлады.
Оның ішінде шетелдік кәсіпорындарда машина жасап шығару 14,7% – ға өсті. Яғни 514 738 дана автокөлік шығарды. Қытайда өндіріс 51,9% – ға, Үндістанда – 119% – ға, ал жалпы Азияда-21,5% – ға өсті.
Солтүстік Америкада (АҚШ, Канада, Мексика) көрсеткіш 6% – ға, Еуропада (Ұлыбритания, Түркия, Франция, Чехия) – 19,3% – ға өсті.