Қазақстандықтар eGov арқылы несиені ресімдеуге тыйым сала алады

Жарияланды
Казахстанцы смогут установить запрет на оформление кредитов через eGov

Қазақстандықтар өз атына несие ресімдеуге тыйым салуды өздері бақылай алады. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде айтылды.

Агенттік заңнамалық актілерге түзетулер дайындағанын айтты:

1) жеке тұлғаның банктік қарыздар мен микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тартуын белгілеу құқығын бекіту. Бұл сервис «электрондық үкіметтің веб-порталында және «eGov Mobile» мобильдік қосымшасында іске асырылатын болады;

2) банктер мен микроқаржы ұйымдарына қарыз алушының кредиттік тарихында кредит алудан ерікті түрде бас тарту туралы ақпарат болған кезде жеке тұлғаға кредит беруге тыйым салу енгізу;

3) кредит ресімдеуге тиісті тыйым болған кезде жеке тұлғаны берілген кредит бойынша міндеттемелерді орындаудан босату.

Заңнамалық түзетулер блогы қаржы нарығына қатысушылармен келісілген және қазіргі уақытта мүдделі мемлекеттік органдармен келісу рәсімінен өтуде.

Ведомство бұл түзетулер блогы қаржы нарығының қатысушыларымен келісілгенін айтты.

Сондай-ақ оқыңыз