Енді ЭЦҚ-ны флешкада сақтаудың қажеті болмайды
Фото: kursiv.media
Алдағы уақытта ЭЦҚ-ны флешкада сақтаудың қажеті болмайды. Сонымен қатар дербес компьютерге NCALayer бағдарламасын орнатудың да машақатынан құтылады. Бұл жайлы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Арай Оразова мәлімдеді.
Арай Оразованың айтуынша, электронды үкімет порталында қазақстандықтардың цифрлық қызметтердің көбісін смартфон арқылы алуына мүмкіндік беретін технологиялар белсенді түрде енгізіліп жатыр.
«Жақында флэш-дискілерде ЭЦҚ алып жүрудің қажеті болмайды. Мемлекеттік қызметтерді алатында азаматтарымыз, ЭЦҚ-ға жүгінеді және үнемі жанында флешка алып жүруі тиіс. Біз мобильді қосымшада QR-қолтаңбаны енгіздік, енді флешка алып жүрудің қажеті жоқ», дейді Арай Оразова.
Қазіргі уақытта мұндай мүмкіндік Жоғарғы сотқа жүгінетіндерде бар. Бұл қызметке QR-қолтаңбасы енгізілген. Яғни қазақстандықтар сот кабинетіне кіріп, құжат толтырға кезде қол қою үшін QR-қолтаңбаны қолдана алады. Сонымен бірге «Отбасы Банкінің» кейбір қызметтері де QR арқылы жұмыс істейді.
Ал «ҰАТ» АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин жақын арада қазақстандықтарға компьютерлеріне NCALayer бағдарламасын орнатудың қажеті болмайтынын айтады. Басқама басшысы бұл бағдарламаны MAC компьютерлерінде қолдану біраз қиындықтар тудырған. Сол себепті осы мәселені жеңілдету жолдары қарастырылған.
Коняшкин сонымен бірге push-хабарламалар арқылы құжаттарға қол қою қызмет саласының жаңа механизміне айналатынын айтады. Олардың көмегімен, Egov-Mobile пайдаланушылары ЭЦҚ-сыз қажетті құжатты растап, қол қоя алады.
Айта кету керек, электронды мемлекеттік қызметтердің 80 пайызы Egov-Mobile қосымшасына кқшірілді. Яғни ол қызметтерді смартфон көмегімен оңай алуға болалды. Сонымен қатар, циффрлық құжаттар әрдайым қолыңда болады. Бірақ оларды арнайы құрылғыда тасудың қажеттігі жоқ.