«Фридом Финанс» АҚ әйелдер кәсіпкерлігін қолдау мақсатында ESG- облигацияларын орналастырды

Жарияланды

«Фридом Финанс» АҚ «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) алаңында 6,3 млрд теңге мөлшерінде «ОнлайнКазФинанс» МҚҰ» АҚ (Solva) екі жылдық гендерлік облигацияларын жылдық 21,5% өтеу кірістілігімен орналастырды.

Бұл облигацияларды орналастырудан түскен қаражат бизнестегі әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту және гендерлік теңсіздікті азайту мақсатында оларды белсенді қолдауға бағытталатын болады.

Облигациялардың шығарылым көлемі 20 млрд теңгені құрайды. Купондық сыйақы ай сайын төленеді және USD/KZT бағамының өзгеруіне индекстелінеді. Бұл ретте купонның ең төменгі мөлшерлемесі 21%-ды, ең жоғарғысы жылдық 25%-ды құрайды. Облигациялар KASE ресми тізіміне MFOKb11 сауда кодымен енгізілген.

KASE-де жүргізіліп жатқан жазылу аясында инвесторларға жалпы номиналды құны 5 млрд теңге болатын облигациялар ұсынылды. Орналастыру барысында 6,3 млрд теңге сомасына 381 өтінім берілді. Сонымен, сұраныс орналастыруға ұсынылған облигациялар көлемнің 126% құрады. Эмитент барлық қабылданған өтінімдерді қанағаттандыру туралы шешім қабылдады. Орналастырылған облигациялардың жалпы көлеміндегі жеке тұлғалардың үлесі 100%-ды құрады.

«Соңғы жылдары тұрақты облигацияларды шығару көлемінің тұрақты өсу үрдісі байқалады. «ОнлайнКазФинанс»МҚҰ» АҚ Қазақстандағы бірегей ESG- облигацияларын шығарған алғашқы микроқаржы ұйымы болды. Сонымен қатар, жауапты инвестициялау біздің компаниямыздың басым бағыттарының бірі болып табылады. 2023–2027 жылдары Freedom Holding Corp. құрамына кіретін «Фридом Финанс» АҚ халықаралық және ұлттық деңгейде ESG облигацияларына 200 миллиард теңге сомасына инвестициялауды мақсат етіп отыр. Мұндай гендерлік қағаздарды орналастырудың әлеуметтік маңызы зор. Бірлесе отырып, біз әйелдердің кәсіпкерлігін дамытуға үлес қоса аламыз. Статистикаға сәйкес, еліміздегі шағын және орта бизнестің тең жартысын әйелдер басқарады. Дегенмен, оларға кәсіпорындарды дамыту үдерісінде, оларды кеңейтуде және әйел бизнес өкілдерін салалардың кең ауқымына тартуда қолдау қажет. ESG сипаттамаларына ие бұл мәміле қазіргі кезде банкке айналу процесінде тұрған «ОнлайнКазФинанс» МҚҰ» АҚ тұлғасында сенімді эмитенті бар табысты ынтымақтастығымыздың тағы бір мысалы болды«, -деді «Фридом Финанс» АҚ басқарма төрағасы Сергей Лукьянов.

«ОнлайнКазФинанс»МҚҰ» АҚ гендерлік облигацияларын сатып алған Freedom Broker бөлшек инвесторлардың бейнесі:

Ерлер – 65%, әйелдер – 25%.

Жасы: 18–24 – 2%, 25–34 – 9%, 35–54 – 60%, 55+ – 29%.

«Инклюзивті қаржыландыру және әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға септігін тигізу Solva компаниясының ESG стратегиясының белді элементі болып табылады. Біз жұмыс істейтін 60 мыңнан астам шағын және орта бизнес өкілдерінің 70%-ы Solva- ның қолдауымен өз бизнесін табысты дамытып жүрген кәсіпкер әйелдер екенін мақтан тұтамыз. Бір жыл бұрын біз «Әйел ісі» арнайы бағдарламасын іске қостық, оған Қазақстанның түрлі өңіріндегі мыңдаған әйелдер қатысып үлгерді. Solva жаңадан бастаған кәсіпкер әйелдерге де, сондай ақ ұзақ уақыт бойы бизнесте жүргендерге де қолдау көрсетеді. Біз тұрақты түрде оффлайн және онлайн тренингтер өткіземіз және қаржылық сауаттылық саласында кеңес береміз, бизнес көшбасшыларының шынайы қоғамдастығын құрамыз. Кепілді талап етпейтін цифрлық несие өніміміздің арқасында көптеген әйел кәсіпкерлер өз бизнесін дамыту жоспарларын іске асыру мүмкіндігіне ие болды. Біз бөлшек инвесторларымыздың тыс қалмай, импакт-инвестицияларға қызығушылық танытып жатқанын мақтан тұтамыз. Гендерлік облигацияларды сатып ала отырып, инвесторлар тек пайда тауып қана қоймай, сонымен қатар еліміздегі әйелдер кәсіпкерлігінің дамуына, халықтың жұмыспен қамтылуына және  табысының артуына тікелей септігін тигізеді»,-деді Solva Group ltd бас директоры Константин Барабанов.

Сондай-ақ оқыңыз