Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді?
Грузияда 3 жұлдызды отельде 7 күн тұрудың орташа бағасы – бір адамға 278 мың теңге
Қазақстандықтар туристік сақтандыруды Түркия, БАӘ, Мысыр және Таиланд елдеріне жиірек ресімдейді. Мальдив аралдары, Испания, Доминикан Республикасы немесе Вьетнамға баратын туристер сақтандыруды сирек алады. Өмірді сақтандыру компаниялары мамандарының болжауы бойынша, 2023 жылдың жазында, сақтанушылар саны Грузия, Әзербайжан, Черногория, Италия, Грекия бағыттары бойынша өсетін болады.
Freedom Life ӨСК мамандары қазақстандықтар үшін демалу құны қай елдерде қымбаттағанын, ал қай елдерде елеулі төмендегенін анықтады.
БАЭ (Дубай, Шарджа).
Тамақтанусыз немесе 3-4 жұлдызды отельде тек таңғы асымен 7 күн тұрақтану, орташа алғанда, бір адамға 165 мың теңгені құрайды. Турдың арзандығына қарамастан, жалпы алғанда, бұл жерде демалу бюджетті емес, себебі, жергілікті кафе мен мейрамханаларда тамақтану, такси жалдау және ойын-сауық шығындары екі есе қымбатқа түсуі мүмкін.
Түркия (Кемер, Аланья).
Қазақстандық туристер үшін бұл ең арзан бағыт. Бес жұлдызды отельде «ультра бәрі қамтылған» белгісі бар апталық демалыс – орташа алғанда 270 мың теңге, 3-4 жұлдызды отельде – 168 мың теңге.
Вьетнам (Нячанг).
Бұл бағыттың бағалары бір жыл ішінде елеулі төмендеді. 2022 жылдың көктемінде Вьетнамға бару бір адамға 700 мың теңге болса, қазір 3-4 жұлдызды отельде «тек таңғы ас» белгісімен бір апта тұру, орташа алғанда 200 мың теңгені құрауы мүмкін.
Мысыр (Шарм-эль-Шейх).
3-4 жұлдызды отельде бір апта тұрудың орташа бағасы – бір адамға 207 мың теңге. Турлардың көбінде таңғы ас және кешкі ас қарастырылған.
Әзірбайжан (Баку).
Жалпы алғанда турлардың құны өзгерген жоқ. Осы жазда 3-4 жұлдызды отельде 7 күнге жайғасу, орташа бағамен, бір адамға 258 мың теңгені құрай. Барлық туристік ұсыныстарға таңғы ас кіргізілген.
Грузия (Кобулети, Батуми).
3 жұлдызды отельде 7 күн тұрудың орташа бағасы – бір адамға 278 мың теңге. Негізінде турлар тамақтанусыз ұсынылады. Бірақ таңғы ас қарастырылған бірнеше отель бар.
Таиланд (Пхукет).
Төрт жұлдызды отельде «тек таңғы ас» белгісімен апталық тур, орташа алғанда, бір адамға 317 мың теңге құрайтын болады.
Черногория (Рафаиловичи).
«Өзіне-өзі қызмет ету» белгісімен, 8 күндік демалысы 3-4 жұлдызды отельде – бір адамға 324 мың теңге.
Мальдив аралдары.
Былтыр аралдарға бару ең қымбат саяхат деп саналатын – бір адамға орташа бағасы 1,1 млн теңге. Алайда 2023 жылдың көктемінде, төмен бағалы ұсыныстар түскен. 3-4 жұлдызды отельде «тек таңғы ас» белгісімен 6-8 күн демалу, орташа алғанда, 524 мың теңгені құрайды.
Индонезия (о. Бали).
3-4 жұлдызды отельде сегіз күн демалудың орташа құны – бір адамға 667 мың теңге. Таңғы ас қарастырылған.
Италия (Сицилия, Калабрия).
Бір апта 3-4 жұлдызды отельде тұрақтанудың орташа құны – бір адамға 673 мың теңге. Турларда көбіне тек таңғы ас кіргізілген.
Испания (Коста де Барселона).
Тамақтанусыз немесе тек таңғы ас кіргізілген, 3-4 жұлдызды отельде 7 күн тұрақтанудың орташа құны – бір адамға 708 мың теңге.
Грекия (Крит, о.Корфу).
Тамақтанусыз, бір апта 3-4 жұлдызды отельде тұрақтанудың орташа құны – бір адамға 868 мың теңге.
Доминикан.
Биылға жоспарланған ұсыныстар және «ыстық» турлар тізімінде бұл бағыт ең қымбатқа түсуде. Негізінде, сегіз күндік демалыс ұсынылады. «Бәрі кіргізілген» белгісімен 4 жұлдызды отельге жайғасу – бір адамға 1,6 млн теңге.
Шетелге шығу турларының құны қазақстандықтар үшін, бір жыл ішінде қалай өзгерді:
Ел | 2022 жылдағы демалыс құны, теңге | 2023 жылдағы демалыс құны, теңге | Демалыс құны қаншалықты өзгерді, % |
ОАЭ (Дубай) | 240 000 | 165 000 | – 31,3 |
Түркия | 220 000 | 168 000 | – 23,6 |
Вьетнам | 781 000 | 200 000 | – 74,4 |
Мысыр | 180 000 | 207 000 | + 15,0 |
Әзербайжан | 294 000 | 258 000 | – 12,2 |
Грузия | 270 000 | 278 000 | + 3,0 |
Таиланд | 360 000 | 317 000 | – 11,9 |
Черногория | 487 000 | 324 000 | – 33,5 |
Шри-Ланка аралы | 360 000 | 404 000 | + 12,2 |
Мальдив аралдары | 1 100 000 | 524 000 | – 52,4 |
Бали аралдары | 809 000 | 667 000 | – 17,6 |
Италия | 520 000 | 673 000 | + 29,4 |
Испания | 680 000 | 708 000 | + 4,1 |
Грекия | 565 000 | 868 000 | + 53,6 |
Доминикан | 716 000 | 1 600 000 | + 123,5 |