Kazakhmys Energу компаниясына 27 млн теңге айыппұл салынды

Жарияланды
Проверка Жезказганской и Балхашской ТЭЦ выявила 600 нарушений. Kazakhmys Energy оштрафовали на 27 млн тенге за

Фото: Ұлытау облысының прокуратурасы

Ұлытау облысының прокуратурасы Жезқазған және Балқаш ЖЭО-сына иелік ететін «Kazakhmys Energy» ЖШС қызметін тексере келе, 600-ге жуық заң бұзу дерегін анықтаған. Нәтижесінде 27 млн теңге айыппұл салынды. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Тексеріс нәтижесінде өнеркәсіптік қауіпсіздік, техникалық реттеу, электр энергетикасы, еңбекті қорғау салаларында, санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақталмағаны анықталған.

«Атап айтқанда, объектілерді жаңғыртуға инвестицияның болмауы, қабылданып жатқан шаралар ағымдағы ақауларды жоюмен шектелген, электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану ережелерін бұзу, жылу желілерінің температуралық кестелерін сақтамау, өлшеу құралдарын уақтылы салыстырып тексермеу және т.б.», делінген хабарламада.

Анықталған заң бұзу фактісі бойынша уәкілетті органдардың атына 16 прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, кінәлі адамдар 27 млн.теңге сомасына әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Қазіргі кезде «Kazakhmys Energy» ЖШС 21 млн. теңгеден астам сомаға айыппұл төлеген.

Жезқазған және Балқаш ЖЭО-сы «Kazakhmys Energy» компаниясына тиесілі, оны Kazakhmys Power Projects B.V компаниясы бақылайды. Оның директоры ресейлік кәсіпкер Николай Коробовский бұған дейін «Қазақмыс» корпорациясының энергетика жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарған. «Қазақмыс» корпорациясының 70 пайызы Владимир Кимнің иелігінде. Ол Қазақстандағы ең бай 50 адамның қатарына кіреді. Оның байлығы 5 миллиард долларға бағаланады.

Бұған дейін «Kazakhmys Energy» заң бұзғаны үшін 3 млн теңгеге жуық айыппұл төлегені хабарланған.

Қазіргі кезде Қазақстандағы 37 жылу электр орталығының 19-ы апатты жағдайда тұр. Бүкіл ЖЭО жабдықтары 66 пайызға тозған. Оларды жөндеуге 182 млрд теңге қажет. 

Сондай-ақ оқыңыз