Kazakhmys Copper компаниясы 2022 жылға дивиденд төлемейді

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы

Фото: kursiv.media

Kazakhmys Copper АҚ-ның жалғыз акционері 2022 жылға жай акциялар бойынша дивиденд төлемеу туралы шешім шығарды. Бұл туралы компания KASE-ге хабарлаған.

Компанияның жай акциялар бойынша дивиденд төлемеу себебі – 2022 жылы таза пайда таппаған.

«Акционер, оның ішінде, мынадай шешімдерді қабылдады:

-компанияның 2022 жылғы аудиттелген қаржылық есептілігі (жеке және шоғырландырылған) бекітілсін;

-компанияның 2022 жылғы таза пайдасының болмауына байланысты жай акциялар бойынша дивидендтер есептелмесін және төленбесін», делінген хабарламада.

Kazakhmys Copper АҚ-ның жалғыз акционері – KCC B.V., ол компанияң 100 пайыз акциясына ие. Қаржы есебіне сәйкес,  Владимир Ким мен Эдуард Огай Kazakhmys Copper АҚ арқылы «Қазақмыс корпорациясының» 69,37% және 29,73% үлесіне иелік етеді. 

Ал Владимир Ким Қазақстандағы ең бай бизнесмендердің көшін бастап тұр. Владимир Кимнің байлығы 4,6 млрд долларды құрайды. Бір жылда оның байлығы 400 млн долларға азайса да, рейтингтегі өз позициясын жоғалтпаған. Владимир Кимге KAZ Minerals Ltd акцияларының 63,5%-ы, «Kazakhmys Copper» АҚ 70%-ы, «RBK Bank» АҚ 89,71%-ы тиесілі.

Kazakhmys Copper-дің 2022 жылғы таза кірісі 2021 жылмен салыстырғанда 10,2 есе азайып, 18,07 млрд теңгені құрады.

Қаржы нәтижесі бойынша тау-кен өнеркәсібіндегі акцияға шаққандағы негізгі және таратылған пайдасы бір жыл бұрынғы 5,36 теңгемен салыстырғанда 0,52 теңгеге түсіп кеткен.

Жақында «Kazakhmys» корпорациясы «Елбасы Қорына» тиесілі компанияның үлесін сатып алғаны хабарланған.

Сондай-ақ оқыңыз