Шекара маңындағы ауыл тұрғындарының жалақысына 50% үстемеақы енгізілмек

Жарияланды

Шекара маңындағы аудандардағы ауылдық жерлерде жұмыс істегені үшін жалақыға 50% ауылдық үстемеақы енгізу мүмкіндігі қаралатын болады.

Сонымен қатар, құжатта төтенше табиғи-климаттық жағдайлары бар шекара маңындағы аудандардың тұрғындары үшін (жылыту маусымы 9 ай) еңбек заңнамасына тиісті өзгерістер енгізіле отырып,1 жыл еңбек өтілін 1,5 жыл қылып есептеу нормасы көзделетін болады.

Ауылдық аумақтарын дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы №270 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Үкімет Қаулысы жария талқыға шығарылды.

Онда, Қазақстанның ҚХР-мен шекаралас аудандары олардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінен едәуір артта қалып отырғаны айтылған.

«Мұндай шекаралас аудандардағы демографиялық жағдай халық санының азаюымен, яғни табиғи өсудің теріс көрсеткіштерімен және көші-қон ағынымен сипатталады. ҚХР-мен шекаралас аудандардағы халықтың тығыздығы ел бойынша орташа деңгейден төмен және бір шаршы км-ге орта есеппен 5,2 адамды құрайтыны (ҚР бойынша орташа – 7) көрсетілген», делінген құжатта.

Сонымен қатар, шекара маңындағы аумақтардан халықтың көші-қон ағынының негізгі себептері халықтың табысының төмендігі, жұмыссыздықтың жоғары деңгейі, адамдардың өмір сүру сапасының қанағаттанарлықсыз деңгейі, көлік қолжетімділігінің әлсіздігі (жекелеген аудандарда), сондай-ақ әлеуметтік және инженерлік-жол инфрақұрылымының тозуы деп атап көрсетілген.

Сондай-ақ оқыңыз