АҚШ индекстері аздап өсті
Фото: kursiv.media
Америкалық қор индекстері сейсенбі күнгі сауда-саттықты нарықта аса үлкен жаңалық болмағандықтан, сауда күнін сәл ғана өсіммен аяқтады. Standard & Poor’s 500 индексі 10,06 тармаққа (0,24%) көтеріліп, 4283,85 тармаққа, ал Dow Jones Industrial Average 10,42 тармаққа (0,03%) өсіп, 33573,28 тармаққа жетті.
Nasdaq Composite 46,99 пункт (0,36%) қосып, 13276,42 тармақты құрады.
Бұл күні АҚШ экономикасы туралы статистикалық мәліметтер де, ірі компаниялардың есептері де жарияланбады, деп атап өтті Market Watch. ФРЖ-ның ақша-несие саясатына қатысты шешімін жариялауына да уақыт бір апта уақыт бар.
Дүниежүзілік банк сейсенбі күні АҚШ-тың 2023 жылғы экономикалық өсіміне қатысты болжамын қаңтарда күтілген 0,5%-дан 1,1%-ға дейін көтерді. Ал 2024 жылы ЖІӨ өсімінің болжамын 1,6%-дан 0,8%-ға төмендетті.
«Жаһандық экономикалық белсенділіктің жыл басында байқалған тұрақтылығы төмендеуі мүмкін», – делінген хабарламада. – Жыл басында бірқатар ірі экономиканың, соның ішінде Қытай мен АҚШ экономкасының өсім қарқыны біз күткеннен жоғары болды. Дегенмен, 2023 жыл қорытындысы бойынша жалпы жаһандық экономикалық белсенділік баяулайды».
АҚШ экономикасы 2023 жылдың соңына қарай 1,1 пайызға өсуі ықтимал. Дегемен ДБ 2024 жылға арналған болжамын 1,6 пайыздан 0,8 пайызға дейін төмендетті.
Apple Inc компаниясы жыл сайынғы әзірлеушілер конференциясында Vision Pro аралас шындық гарнитурасын таныстырғанымен, сейсенбідегі саудада акциялары 0,2% төмендеді.
D.A. Davidson инвестициялық компанияның сарапшылары Apple компаниясы акцияларына қатысты ұсынысын «бейтарапқа» төмендетіп, Vision Pro презентациясынан кейін акция бағасын 193 доллардан 185 долларға дейін төмендетті
Palantir Technologies Inc. акциядары1,4%-ға өсті. Сейсенбіде компания өнеркәсіптік компаниялар үшін жасанды интеллект құралдарын пайдалана отырып, деректерді біріктіру бойынша жаңа шешімін ұсынды.
Бағдарламалық жасақтама әзірлеуші GitLab Inc. акциялары компанияның бірінші қаржы тоқсандағы күткендегіден жоғары есебі мен осы тоқсандағы жағымды болжамдарға байланысты баға 31%-ға өсті.
Raytheon Technologies акциялары да 1,8%-ға өсті. Аэроғарыш секторы мен қорғаныс өнеркәсібіне қажет шешімдерді жеткізуші компания АҚШ Әскери-теңіз күштерінен 2,02 миллиард долларлық келісім-шарт алды.
Сауда-саттық қорытындысы бойынша жергілікт банктердің акциялары тұрақты өсті: PacWest Bancorp қағаздарының бағасы 8,1%-ға, Western Alliance Bancorp. – 6,1%-ға, Zions Bancorp – 4,9%-ға.