Соңғы 5 жылда кей салаларда шығыс көлемі 3 есе артқан

Жарияланды

Фото: .kursiv.media

Соңғы 5 жылда Қазақстанның мемлекеттік бюджетінің өнеркәсіпке, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне жұмсалған шығыстары іс жүзінде 3 есе ұлғайған.

Атап айтқанда, бұл саллараға жұмсалған қаражат көлемі 2018 жылы 0,04 трлн теңгены құраса, 2022 жылы 0,11 трлн теңгеге көтерілген. Бұл 2018-2022 жылдардағы барлық шығыстардың шамамен 0,5% құрайды.

«Жалпы алғанда, мемлекеттік бюджеттен шығыстардың ең азы өнеркәсіпке, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне, сондай-ақ отын-энергетика кешеніне және жер қойнауын пайдалануға жұмсалады. Жұмсалған қаражат көлемі 2018-2022 жылдары ЖІӨ-нің шамамен 0,1% және 0,2% құраған», дейді экономикалық зерттеулер инситуты, Фискалдық саясат орталығының жетекші сарапшысы Эльмира Осипова.

Маманның айтуынша, отын-энергетика кешеніне және жер қойнауын пайдалануға арналған мемлекеттік бюджет шығыстары 2 есе өскен. Яғни 2018 жылы шығыс көлемі 0,13 трлн теңге болса, 2022 жылы 0,23 трлн теңгеге дейін жеткен. Бұл 2018-2022 жылдардағы барлық шығыстардың орта есеппен 1,0% құраған.

Бұл салалардың барлығы негізінен жергілікті бюджет қаражатынан қаржыландырылады. Өнеркәсіпке, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне, сондай-ақ ОЭК пен жер қойнауын пайдалануға арналған жергілікті бюджеттерден кететін шығыстардың ең көп үлесі Түркістан облысына тиесілі. Бұл өңірде 2018-2022 жылдары жұмсалған қаражат көлемінің үлесі орта есеппен 19,2% және 15,7% құраған. Екінші орында Алматы қаласы тұр. Бұл өңірде шығыс көлемі 2018 жылы 16,0 пайызды құраса, 2022 жылы 7,8% болған.

Осы бағыттарға жергілікті бюджеттер шығыстарының ең аз үлесі тіркелген өңірдің бірі Батыс Қазақстан. Бұл аймақтағы бюджет шығысының көрсеткіштері 2018-2022 жылдары небары 1,8% және 0,5% құраған. Сонымен қатар Павлодар өңірінің көрсеткіштері де төмен. Өңірдің аталған жылдардағы шығыс көрспеткіштер 1,9% және 3,4% болған. Сонымен бірге Шығыс Қазақстанда бұл көлем 2,6% және 1,8% болса, Солтүстік Қазақстан облысында  2,8% және 0,1%, Атырауда 3,8% және 1,8%, Қарағандыда 3,8% және 3,3% құраған.

Сондай-ақ оқыңыз