Алматының Түрксіб ауданына төрт жаңа мектеп салынады – Ерболат Досаев

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Алматы қаласының Түрксіб ауданында 6100 орынды төрт жаңа мектеп салынады. Бұл жайлы Алматы қаласынң әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты.

Қала әкімі Ерболат Досаевтың айтуынша, аудан қарқынды түрде салынуда, сондықтан билік жаңа мектептер салу және қолданыстағы мектептерді кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруға ниетті.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру аясында ағымдағы жылдың 3 тоқсанында Түрксіб ауданында 6100 орындық 4 мектептің құрылысы басталады. 1050 орындық 2 мектепке қосымша құрылыстар, №83 гимназия филиалын қайта жаңарту және №50 мектеп ғимаратын сейсмикалық күшейту жобалануда. Сондай-ақ наурыз айынан бастап Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжінің құрылысына қолданыстағы ғимараттарды бұза отыры, ЖСҚ әзірлеу жүргізілуде. Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуді аяқтау 2024 жылдың І тоқсанына жоспарланған», деді қала басшысы.

Ол өткен жылы аудандағы «Қайрат» шағын ауданында 1500 орындық №211 мектеп-гимназия салынған болатын. Ол қыркүйек айында іске қосылады. Снымен бірге 2022 жылдың желтоқсанында №59 мектеп-гимназия ғимаратын қайта құру басталып, ғимарат сейсмикалық күшейтіліп, 300 орынға кеңейеді. Жұмыстарды аяқтау 2024 жылдың І тоқсанына жоспарланған. Әкім ауданда жаңадан колледж ғимараты салынатынын айтты.

«Осы жылдың наурыз айынан бастап қолданыстағы ғимараттарды бұзып, Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжін салу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуді 2024 жылдың І-ші тоқсанында аяқтау жоспарланған», деді Ерболат Досаев.

Бұдан өзге емхана мен дәрігерлік амбулаториялар да бой көтеріп, басқа да инфрақұрылым салалары дами түспек.

Сондай-ақ оқыңыз