Қазақстан Қытайға бидай жөнелтуді бастады - АШМ

Жарияланды (жаңартылды )
Business News бөлімінің редакторы

Фото: kursiv.media

Қазақстан Қытайға бидай жөнелтуді бастады. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтқан.

«Иә, бидай қазірдің өзіне жеткізіліп жатыр», – деді Қарашөкеев, Қытайға бидай экспорты басталды ма, деген сұраққа жауап бере отырып.

Сондай-ақ ол Қытайға 1 миллион тонна бидай экспорттау туралы келісім-шарт жасалғанын растады.

«Қазір осы жылдың өнімін жөнелтеміз», – деп қосты министр.

Бұған дейін ол Қазақстан Қытайға 1 миллион тоннаға дейін бидай экспорттауды көздеп отырғанын, кейіннен бұл көлемді ұлғайту мүмкіндігі бар екенін атап өткен.

Қазақстандық бидайдың Қытайға экспорты коронавирус шектеулеріне байланысты 2021 жылы тоқтатылды. Жалпы алғанда, 2022/2023 маркентинг жылында Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі 9-9,5 миллион тонна астық пен ұн экспорттауға ниетті екенін мәлімдеген.

Кеше Үкімет отырысында Қарашөкеев биылғы астық шығымы «жаман болмайтынын» айтты. Министрдің болжамы бойынша, биыл 16 млн тонна астық жиналмақ.

11 сәуірде АШМ Ресейден автокөлікпен тасымалданатын бидайға тыйым салатын бұйрыққа қол қойған болатын. Ресейден автокөлікпен бидай тасымалына тыйым салынған соң, бидай бағасы шамамен 20 долларға қымбаттады. Сол кезде Қазақстан бидайы тоннасына 260 долларға бағаланды. Биайдың қымбаттауына Қытайға астық тасымалдайтын вагондардың жиі жөнелтіле бастауы да әсер еткен.

Сондай-ақ оқыңыз