Пентагон Украинаға 2 миллиард долларға әскери көмек береді

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Пентагон жұма күні Украинаға құны 2 миллиард доллардан асатын жаңа әскери көмек пакетін жариялауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Интерфакс, Bloomberg басылымына сілтеме жасап.

Бұл қаражат Украинаның қауіпсіздігіне жұмсалады. Атап айтқанда, бөлінген ақшаға ұшыру қондырғылары мен Hawk зымырандарын, сондай-ақ Lockheed Martin Corp шығарған Patriot Advanced Capability Missile-3 және Raytheon Technologies Corp шығарған GEM-T сынды екі түрлі зениттік зымырандарын сатып алады.

Сәуір айының аяғында АҚШ-тың Украинаға әскери көмегінің жалпы құны шамамен 36 миллиард долларға жеткен. Ал мамыр айында америкалық БАҚ өкілдері мемлекеттік департаменттің тексерісі кезінде Пентагонның Украинаға әскери көмекті 3 миллиард долларға кем жеткізгенін анықтаған.

Бұған дейін News & World Report басылымы АҚШ-тың 300 миллион долларға әскери көмек беретінін оған Patriot әуе қорғанысы мен «Stinger» зениттік жүйелері мен танктік оқ-дәрілер алынатынын жазған.

Ал Жапония Украинаға жүз бірлік автотехника жіберді.

Сондай-ақ оқыңыз