Пара беруге ықпал етті деген күдікпен Астана жол полиция қызметінің рота командирі ұсталды

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Астана қаласы Полиция департаментінің жол полиция қызметі ротасының командирі пара беруге әрекеттесті деген күдікке ілінді.

«Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет орталығы Астана қаласы Полиция департаментінің жол-патрульдік қызметі ротасының командиріне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады», делінген агенттіктің баспасөз хабларламасында.

Лауазымды тұлға азаматтық іс бойынша оң шешім қабылдау үшін прокуратура жанындағы материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бұрынғы қызметкері «Ж» есімді азамат арқылы сот жүйесінің қызметкерлеріне ірі мөлшерде пара беруге әрекет жасаған. «Ж» есімді азамат жедел қызметкер болмаған, прокуратурада тек әкімшілік лауазым атқарған. Ал қылмыс жасау барысында жұмыссыз болған.

Ағымдағы жылдың 8 маусымында тергеу сотының санкциясымен аталған адамдар қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Сондай-ақ оқыңыз