«Эйр Астана» компаниясы салынған айыппұлға қарсы шағымданатынын мәлімдеді

Жарияланды
Авиакомпанию Air Astana оштрафовали почти на 7 млрд тенге за необоснованное завышение цен на билеты

Фото: kursiv.media

Бүгін БҚДА билет бағасын негізсіз қымбаттатқан «Эйр Астанаға» 6,7 млрд теңге айыппұл салынғанын хабарлады. Ал «Эйр Астана» іле-шала сот шешіміне қарсы шағымданатынын мәлімдеді.

«Біріншіден, әуе компаниялардың жанармайға қосымша ақы алуы заңды құқығы және ол Қазақстанның «Әуе кеңістігін пайдалану туралы» заңында қарастырылған. Бүгінде бұл ереже күшінде, бұл туралы агенттіктің өзі бірнеше рет мәлімдеген. Сонымен қатар, әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы сот процесі көптеген кемшіліктермен жүргізілді. Әуе компаниясы сот шешіміне шағымданады», – делінген компания хабарламасында.

«Эйр Астана» компаниясының 51% акциясы – «Самұрық-Қазына» қорына, ал 49% акциясы британдық BAE Systems компаниясына тиесілі. BAE Systems (Kazakhstan) Limited — әуе, құрлық, теңіз бен ғарышта қорғаныс және аэроғарыш жүйелерін әзірлеп жеткізетін британдық BAE Systems plc еншілес кәсіпорны.

«Эйр Астана» әуе паркінде 43 ұшақ бар. 2023 жылдың соңына дейін компания тағы жеті ұшақ алуды жоспарлап отыр. 2027 жылдың соңына дейін авиатасымалдаушы флоты 64 ұшақты құрайтын болады.  

30 мамырда өткен үкімет отырысында Әлихан Смайылов елдегі әуе билетінің бағасын сынап, «Еуропа, АҚШ-тан екі есе қымбат» деген еді.

Сондай-ақ оқыңыз