Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын дамытуға шетел компаниялары көмектеседі

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі шетелдік компаниялардың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына қатысу мүмкіндігін қарастыруда. Бұл жайлы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

«ҚР ІІМ Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті мемлекеттік-жекеше әріптестік тетігі аясында ағынды суларды тазарту құрылыстары мен пайдалану жобаларын іске асыруға шетелдік компаниялардың қатысуы мәселесін қарастыруда», делінген баспасөз хабарламасында.

Министрлік осы орайда Франция мен БАӘ компанияларымен келіссөздер жүргізген. Астана экономикалық форумы аясында Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Тимур Қарағойшин Фрнацияның Veolia, БАӘ-нің Metito және халықаралық қаржы корпорациясының басшылығымен кездесті.

Veolia компаниясымен су секторын дамыту мәселелерін, сондай-ақ жылу желілерін салу және қайта жаңғырту жобаларын жүзеге асырудағы ынтымақтастық перспективалары талқыланған.

Кездесу барысында Қарағойшин Қазақстанның тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымының инвестициялық әлеуетін дамытуға, сондай-ақ жеке инвестицияларды ынталандыруға қызығушылық танытқаны үшін халықаралық қаржы корпорациясына алғысын білдірді.

2023 жылдың ақпанында Дубайда өткен Қазақстан-БАӘ инвестициялық дөңгелек үстелі аясында Metito өкілдері компанияның мүмкіндіктерін Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұсынған болатын. Ал осы жолғы кездесуде Ал БАӘ-нің Metito компаниясының басқарушы директоры Рами Гандурмен ағынды суларды тазарту құрылыстарын салу және пайдалану саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері талқылады.

Бұған дейін компания өкілдері Қазақстандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту орталығының басшылығымен кездесіп, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жобалары бойынша ынтымақтастық перспективаларын талқыланған еді. Бұл бағытта Көкшетау және Семей қалалары ұсынылып, облыс әкімдіктерімен тиісті келіссөздер жүргізілген.

Сондай-ақ оқыңыз