Қырғызстан Ресейдегі жаппай уланудан кейін «Мистер Сидр» сусынын сатуға тыйым салды

Жарияланды

Қырғызстан Ресейде болған жаппай уланудан кейін «Мистер Сидр» сусынын (өндіруші «Анда», РФ) сатуға тыйым салды. Бұл туралы аурулардың алдын алу және Мемсанэпидқадағалау департаменті хабарлады.

Департамент мәліметтері бойынша, Ресейде сусыннан улану жағдайларының көбеюіне байланысты аумақтық аурулардың алдын алу орталықтары қауіпті өнімді анықтау және сатуға жол бермеу үшін аранйы шаралар жүргізуде.

Департамент тұрғындардан «Мистер Сидр»сусынының сатылуының кез келген жағдайлары туралы хабарлауды сұрады.

Айта кетейік, Ресейде сусыннан зардап шеккендердің жалпы саны 101 адамға дейін артты. Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, кем дегенде 30 адам қайтыс болды. «Мистер Сидр» сусынынан метанол мен этилбутират қоспалары табылды.

Сондай-ақ оқыңыз