1 шілдеден бастап, темекінің бөлшек саудадағы бағасы 710 тенге болады

Жарияланды

Фото: kursiv.media

1 шілдеден бастап, темекінің бөлшек саудадағы бағасы қымбаттайды.Бұл жайлы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

«2023 жылдың 1 шілдеден бастап «Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 196 бұйрығына өзгеріс енгізілді», делінген комитеттің баспасөз хабарлымасында.

20 фильтрлі, фильтрсіз сигаретке, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға комиетет бекіткен ең төменгі бөлшек сауда бағасы 710 тенгені құрайды. 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап 31 желтоқсанға дейін темекі өнімдері осы бағада сатылады. Ал 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап – 770 тенгеге өседі.

Темекі өнімдерінің бағасының ұлғаюына бірінші кезекте 2022 жылғы инфляцияның 20,3 пайызға көтерілуі себеп болған. Сонымен бірге 2023-2024 жылдары акциз мөлшерлемесі 14%-ға ұлғайтылған және импортталатын шикізат пен материалдардың құны орта есеппен 20%-ға өскен. Сонымен қатар темекі өнімдерінің шикізаты мен компоненттерінің логистикасы едәуір күрделенуі де бағаларға өз әсерін тигізген.

Дүйсенбі күні Сенатта өткен жиында вице-министр Азамат Әмрин алакоголь мен темекі өнімдерінің қымбат түрлеріне салық көбейетінін мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз