Түркістанда мемлекет басшысының қатысуымен Ұлттық құрылтай өтеді
Жарияланды
(жаңартылды )
Фото: Ақорда
Түркістанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысумен Ұлттық құрылтай өтеді. Бұл жайлы Ақорда хабарлады.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ертең Түркістан қаласында Ұлттық құрылтайдың екінші отырысын өткізеді», делінген хабарламада.
Құрылтайдың бірінші кеңесі бір жыл бұрын Ұлытауда өтті. Оның құрамына 117 адам кірген. Онда барлық облыстың, сан түрлі саланың, әр буынның өкілдері бар.