Аграрлық несие корпорациясы «ҚазАгроҚаржы» еншілес ұйымынан 10,3 млрд теңге дивиденд алды
Фото: kursiv.media
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингіне тиесілі Аграрлық несие корпорациясы «ҚазАгроҚаржы» еншілес ұйымынан 10,3 млрд теңге көлемінде дивиденд алды. Бұған Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында жарияланған құжат дәлел.
Жалғыз акционердің 14 маусымдағы шешімін растайтын ақпараттық хабарламада бір акцияға шаққандағы дивиденд мөлшері 124,46 теңгені құрайтыны жазылған. Былтыр компанияның таза табысы 19 пайызға өсіп, 20,6 миллиард теңгені құраған. Осылайша, компания таза пайданың 70 пайызын емес, тек жартысын жіберген. Ал Аграрлық несие корпорациясы өз кезегінде «Бәйтерек» холдингіне таза пайданың 70 пайызын, яғни 13,7 млрд теңгені жіберді.
«Бәйтеректің» ауылшаруашылық еншілес кәсіпорны – Аграрлық несие коррорациясы дивиденд алумен қатар, жарияланған жай акциялардың санын 427 млн данаға дейін жеткізді. Қор нарығы сайтанда жарияланған ақпараттық хабарламада компания қосымша 20 миллион дана жай акция шығарғаны жазылған. 2022 жылдың соңында корпорацияның таза табысы екі есеге өсіп, 19,5 миллиард теңгеге жетті. 2021 жылы компания 6 млрд теңге, 2020 жылы 13,8 млрд теңге дивиденд төледі.
2022 жылдың 1 шілдесінде «Бәйтерек» ұлттық холдингі 140,47 млрд теңге қосымша эмиссияны «ҚазАгроҚаржы» АҚ акцияларымен төледі. Осылайша, былтырғы мәміле нәтижесінде «ҚазАгроҚаржы» Аграрлық несие корпорациясының еншілес ұйымына айналды.
Ұлттық холдинг Аграрлық несие корпорациясының және Қазагрофинанстың да жақсы көрсеткіштерін республикадағы ауыл шаруашылығы саласының өсуімен түсіндірілді.
«Былтыр ауыл шаруашылығы 9%-дан астам өсті. Бұған дейінгі орташа жылдық өсу қарқыны 3-4 пайыз деңгейінде болғанын ескерсек, бұл – өте жақсы көрсеткіш», – дейді «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нұрболат Айдапкелов.
Бірнеше күн бұрын «ҚазАгроҚаржы» да қосымша 20 миллион жай акция шығаруға ниетті екенін мәлімдеді. «ҚазАгроҚаржы» 1999 жылдың желтоқсан айының соңында құрылды. Ұйым ауыл шаруашылығындағы техникалық паркті жаңарту мақсатында құрылған.