2024 жылы Қазақстан өзін алмамен толық қамтамасыз етеді – Қарашөкеев

Жарияланды

Фото: kursiv.media

2024 жылы Қазақстан өзін алмамен толық қамтамасыз етеді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Мәжілістегі Үкімет сағатында айтты.

Айтуынша, министрлік бау-бақша шаруашылығын дамытуда үлкен әлеуетті көріп отыр.

«Бұрын қойылған міндеттердің бірі – алма бойынша өзін-өзі толық қамтамасыз ету. Мәселен 2014 жылдан бастап инвестициялық субсидияны енгізе отырып, өнеркәсіптік алма бақтары алаңын 7,2 мың гектарға өсіріп, 28,9 мың гектарға жеткізілді. Сондай-ақ осы уақытта ұйымдасқан шаруашылықтардағы жалпы өнім 92 мың тоннадан 205 мың тоннаға дейін яғни 2,2 есеге өсті», – деді Ербол Қарашөкеев.

Осы аралықта алма бағының алаңы 35,7 мың гектарға дейін ұлғайтылды, ал жалпы өнім 157 мың тоннадан 260 мың тоннаға дейін ұлғайтылды.

«2024 жылға қарай алманың жалпы өнімділігі 352,5 мың тоннаға дейін жеткізіледі. Бұл ішкі нарықтың қажеттілігін толық қамтамасыз етіледі деп жоспарланған», – деді министр.

Сондай-ақ оқыңыз