Жоғары аудиторлық палата Экология министрлігінен 277 млн теңгенің бұзушылықтарын анықтады

Жарияланды
Фото: kazpravda.kz

Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен оның ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының «Қоршаған орта сапасын арттыру» стратегиялық бағыты бойынша қорытынды шығарылды.

Ақпаратқа сәйкес, Министрлік қызметінің тексерілетін бағыттарының негізгі проблемалары ретінде қалдықтарды тиімсіз басқару және қоршаған ортаның ластануы атап өтілген.

«Қазақстанда қалдықтарды басқарудың интеграцияланған жүйесі жоқ. Тұрмыстық қатты қалдықтардың басым бөлігі санитарлық нормалардың талаптарына сәйкес келмейтін бақылаусыз полигондарға және оларды көму орындарына түседі», делінген хабарламада.

Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды жоспарлау дұрыстығы мен негізділігі бағаланбаған тарихи деректердің негізінде формальды түрде жүзеге асырылады.

Жоғары аудиторлық палата «Жасыл даму» АҚ жұмысына қатысты баға береді. Ақпаратқа сәйкес, көміртегі бірліктерінің саудасы жүйесінің операторының міндеттемелерін толық орындамаған. Ал Экология министрлігі көміртегі бірліктерінің саудасын ұйымдастырудың бірыңғай биржалық алаңын айқындау бойынша шараларды қабылдамаған.

«Өндірушілер мен импорттаушылардің кеңейтілген міндеттемелерінің қолданыстағы жүйесі жарамсыз. Операторда тиісті міндеттемелерге жататын өндірушілердің (импорттаушылардың) саны туралы ақпарат жоқ, оларды сәйкестендіру мүмкіндігі жоқ, кәдеге жарату төлемдері іс жүзінде оператордың шотына төленеді», делінген хабарламада.

Сонымен қатар, экологиялық жобаларды қайта өңдеу төлемдері арқылы қаржыландырудың ашық тетігі жоқ екеніне назар аударылған. Жоғары аудиторлық палатаның дерегінше, 15 бағыттың ішінде оператор тек 2 бағытты ғана қаржыландырады.

«Жалпы алғанда, тексеру нәтижелері бойынша қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы 277 млн ​​теңгені, тиімсіз жоспарлау – 2 581,1 млн теңгені, тиімсіз пайдалану – 2 425,7 млн ​​теңгені, жіберіп алған пайда – 4 677,4 млн теңгені құрап, 20 жүйелік кемшілік анықталды», делінген хабарламада.

Жоғары аудиторлық палата Үкіметке, Экология және табиғи ресурстар, Қаржы, Ауыл шаруашылығы, Индустрия жыне инфрақұрылымдық даму, Экологиялық реттеу және бақылау комитетіне, «Жасыл даму» АҚ, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға анықталған кемшіліктерді, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою, сондай-ақ қолданыстағы заңнаманы бұзуға жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау бойынша тиісті ұсынымдар берді.

Қазіргі уақытта Министрлікте табиғат қорғау мәселелері мен халықаралық қарыздар шеңберіндегі «Қазсушар» РМК жобаларын іске асыруға қатысты мемлекеттік аудит жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыз