«Қазақтелеком» енді клиенттеріне модем жалға алуды міндеттей алмайды

Жарияланды
Фото: «Қазахтелеком» АҚ

«Қазақтелекомның» «iD Net» қызметін пайдаланатын клиенттер интернеттке қосылу үшін енді өз модемдерін қолдана алады. Бұған дейін ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Қазақтелеком» АҚ-ның «iD Net» қызметі бойынша ONT құрылғыларын жалға беруін тексеріп, компанияның модемді жалға алуды міндеттеп қоятынын анықтаған.

Яғни тұтынушы өзінің құрылғы болса да, «Қазақтелекомның» интернетіне қосыларда оны пайдалана алмай келген. Осылайша агенттік клиенттің құқығы бұзылып отырғанын анықтаған.

Сол себепті БҚДА «Қазақтелеком» компаниясына осы заң бұзу белгілерін жою туралы хабарлама жіберген. Оның ішінде тұтынушыларға өз жабдықтарын пайдалануға мүмкіндік беру туралы ескертпе де бар.

Нәтижесінде «Қазақтелеком» агенттіктің ескертпесін орындап, тұтынушылар өз жабдығын пайдалану мүмкіндігіне ие болды.

Сондай-ақ оқыңыз