Жоқ өнімді субсидиялап, 500 млн теңгеден астам қаржыны жымқырған қылмыстық топ ұсталды
Коллаж kursiv.media
Қостанайда бір топ адам 500 млн теңгеден астам соманы жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл жайлы Қаржы мониторингі агенттігінің баспсөз қызметі хабарлады.
«Қостанайда бір топ жеке тұлға агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы бойынша субсидия ретінде бөлінген 500 млн теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдікке ілінді», делінген хабарламада.
2022 жылдан бүгінге дейін әрекет етіп келген ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетін ҚМА Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері облыс прокуратурасының үйлестіруімен әшкерелеген.
Қылмыстық схема бойынша шаруа қожалықтары шын мәнінде жоқ өнімді қайта өңдеу зауытына жалған жеткізіп, олар үшін субсидиялар төленіп, ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысушылар өзара бөлісіп отырған.
Қазіргі таңда ұйымдастырушы мен оның екі сыбайласы қамауға алынған. Сот оларды 2 айға қамауға алу туралы санкция берді.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етіуге жатпайды.