Fitch Ratings агенттігі 2023 жылы мұнай мен газ бағасы арзандайды деп болжайды
Фото: kursiv.media
Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі қысқа мерзімді сұраныстың әлсіреуі мен жаһандық экономиканың баяулауына қатысты нарықтың алаңдауына Brent маркалы мұнай құнының 2023 жылға арналған болжамын төмендетті. Дегенмен, 2024 жылға арналған болжамы өзгеріссіз қалды.
Бұл ретте 2025-2026 және одан кейінгі жылдардағы мұнай бағасы сұраныстың бірте-бірте өсуімен қымбаттауы ықтимал. Бұл сұранысты ОПЕК+ елдері, Солтүстік Америка қанағаттандыратын болады.
Биыл мұнай бағасының төмендеуі «қысқа мерзімді сұраныстың әлсіреуін және жаһандық экономикалық өсудің баяулауы, әсіресе Азияға экспортын қайта бағыттаған Ресейден тұрақты мұнай жеткізілімінің жалғасуы туралы алаңдаудан туындады», – делінген агенттік баяндамасында.
Сауд Арабиясы мен басқа ОПЕК+ елдерінің өндірісті қысқарту жоспары спот бағасына біршама қолдау көрсеткенімен, бұл елдер қажет болса, өндірісті арттыруға дайын.
Агенттіктің болжамы бойынша, 2023 жылы Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 80 долларды құрайтын болады. Ал наурыз айында 85 доллар деген болжам жасалған еді.
Алайда 2024 жылға арналған болжам өзгеріссіз қалды: барреліне 75 доллар.
Агенттік WTI бағасының 2023 жылға арналған болжамын 80 доллардан берреліне 75 долларға дейін төмендетті. Fitch келер жылы WTI баррреліне 70 доллардан сатылады деп болжайды.
Brent және WTI мұнай бағасына қатысты ұзақ мерзімді болжам жақсарды. Brent 2025 жылы бұрынғы 65 доллардан 70 долларға қымбаттайды деген болжам бар. WTI бағасының болжамы 2025 жылға дейін барреліне 65 долларға дейін сатылуы мүмкін.