Креативті индустрия санатына кіретін 40-тан аса қызмет түрі мемлекеттен қолдау алады

Жарияланды
Shutterstock

Зергерлік, телебағдарлама жасау, кейбір мәдени-демалыс іс-шаралары және тағы басқа креативті индустрияға кіретін қызмет түрлері мемлекеттік қолдау шараларын алатын экономика секторына айналды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі хабарлады.

Бұған дейін аталған министрлік креативті индустрияға жататын экономикалық қызмет түрлерін бекіткен болатын.

Тізімге енген 43 қызметтің арасында зергерлік бұйымдар, IT және ойын жасау, мәдени мұра, телебағдарламалар, фото және дизайн, сәулет және сән, музыка, кино және анимация, сондай-ақ кейбір мәдени-демалыс мекемелері сияқты іс-шаралары кіреді.

Мәдминнің мәліметінше, бұл қызмет түрлерінің критерийлері барынша жеңілдетілді және халықаралық ұсыныстарға сәйкес келтірірілген.

Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаевтың дерегінше, елімізде алғаш рет креативті индустрияны қаржылық жағынан да, қаржылық емес жағынан да қолдау үшін құқықтық негіз пайда болды.

«Мемлекеттік қолдаудың нақты шаралары саладағы жағдайды мұқият зерделегеннен кейін биыл Үкіметтің қарауына ұсынылатын болады»,-деді Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Сондай-ақ оқыңыз