Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғандарға 345 мың теңге көлемінде айыппұл салынады
Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті үйде және табиғат аясында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.
Сонымен қатар, табиғатта – ашық отты жақпау, сондай ақ темекі тұқылын тастамау ескертілді.
«Ормандарда, ерекше қорғалатын табиғи парктерде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 367-бабының 3-бөлігінде әкімшілік жауапкершілік көзделген және жеке тұлғаларға *100 АЕК (345 мың теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады, ал өзге де ауыр зардаптар туындаған жағдайларда Қылмыстық кодексі (ҚР ҚК 204-бабы 2-бөлігі) шеңберінде қылмыстық жауапкершілік көзделген», делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласының аумағында «ерекше қорғалатын табиғи аумақтар» санатына кіретін Іле – Алатау ұлттық паркі бар. Оның аумағы 20 мың 805 гектарды құрайды.
Айта кетейік, Абай облысы аумағында орналасқан «Семей орманы» табиғи резерваты аумағында ақымды орман өрті болып, 15 адам опат болған еді.
11 маусымда Қазақстан Президенті Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына Абай ауданындағы өртті жою бойынша уәкілетті органдардың іс-әрекетіне баға беруді тапсырды. Кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлағандай, адам өліміне және қоршаған ортаға елеулі залал келтіруге әкеп соққанын ескере отырып, арнайы прокурор немқұрайлылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.