Президент Қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс отырысын өткізеді

Жарияланды
Фото: Президент телерадиокешені

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ертең Қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс отырысын өткізеді. Бұл жайлы Ақорда хабарлады.

«Мемлекет басшысына Премьер-Министр, күштік құрылым басшылары Ресейдегі қалыптасқан жағдайға байланысты берілген тапсырмаларының орындалуы жөнінде есеп береді. Жиында көрші достас мемлекеттегі ахуалдың Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігіне және еліміздің экономикасына тигізетін ықтимал теріс салдарының алдын алу мақсатында шұғыл іс-қимыл жоспары қабылданады деп жоспарланып отыр» делінген баспасөз хабарламасында.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Ресейдегі жағдайға байланысты екі ел президенттері телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барасында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Қазір болып жатқан оқиға Ресейдің ішкі мәселесі. Конституциялық тәртіп пен заң үстемдігі – елдегі құқықтық тәртіпті сақтаудың басты шарты. Бұл – қоғамның қауіпсіздігі мен оның табысты дамуының негізі», деді.

Сондай-ақ оқыңыз