Ресейдегі бүлік пен АҚШ-тағы құрғақшылық салдарынан бидай бағасы күрт өсті
Фото: kursiv.media
Ресейдегі жағдай мен мен АҚШ-тағы құрғақшылыққа байланысты бидай бағасы ақпанның соңынан бергі ең жоғары көрсеткішке жетті.
Чикагодағы бидай фьючерстері шамамен 2%-ға қымбаттап, бір бушель үшін 7,52 долларға жуықтады.
Бидай бағасының көтерілуіне Ресей Федерациясында «Вагнер» жеке әскерінің қатысуымен өткен оқиғалар себеп болды, оны сол елдің құқық қорғау органдары әскери тәртіпсіздік деп бағалады.
«Олар Ресей Федерациясындағы астық өсіретін негізі аймақ – Ростов облысында өтті»-, деп хабарлайды Trading Economics.
Сондай-ақ, нарық қатысушыларының назары АҚШ-тың Орта Батысындағы құрғақ ауа райына ауған, бұл аймақтағы бидай шығымына әсер етеді.
Ал Қазақстанға келер болсақ, АШМ басшысы Ербол Қарашөкеев биыл астық шығымы жаман болмайтынын айтқан.
11 сәуірде АШМ Ресейден автокөлікпен тасымалданатын бидайға тыйым салатын бұйрыққа қол қойған болатын. Ресейден автокөлікпен бидай тасымалына тыйым салынған соң, бидай бағасы шамамен 20 долларға қымбаттады. Сол кезде Қазақстан бидайы тоннасына 260 долларға бағаланды.