NCOC пен «Самұрық-Қазына» басшылары Қашағанды игеру жоспарын талқылады

Жарияланды

Фото: samrukazynaofficial

Сейсенбі күні «Самұрық-Қазына» қорының басшылығы North Caspian Operating Company басқарушы директоры Оливье Лазармен кездесу өткізіп, Қашағанды ​​игеру жоспарын талқылады.

Атап айтқанда, қос тарап кәсіпорынның ағымдағы жағдайын және Солтүстік Каспий жобасының болашағын, даму мәселелерін қарастырды.

NCOC Қашаған кен орнында мұнай өндіруді одан әрі арттыру жобаларын жүзеге асырады. Ал Қашаған газын өңдеу үшін «QazaqGaz» ҰК» АҚ қуаттылығы жылына 1 млрд текше метр газ өндіретін зауытының құрылысын жүргізіп жатыр. Бұл газ өңдеу зауыты шикі газды өңдеу есебінен кен орнында мұнай өндіруді ұлғайтуға мүмкіндік бермек. Жоба 2025 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек кездесу барысында мұнай өндіру мен газды өңдеуді ұлғайту бойынша жобаларды жүзеге асыруға қатысты маңызды мәселелер көтерілді.

Сондай-ақ оқыңыз