Үш қалада заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар ұсталды

Жарияланды
АФМ подозревает ОПГ в создании онлайн-казино с ежедневным оборотом 800 тыс. тенге

Фото: kursiv.media

Атырау, Ақтау және Ақтөбе қаласында онлайн-казино ашып, заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар ұсталды. Күндік айналымы 800 мың теңгені құраған. Қазіргі кезде Қаржы мониторингі агенттігі сотқа дейін тергеп-тексеріп жатыр. Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыруға пайдаланылған карт шоттарға түскен қаражат 3 млрд теңгеден асқан.

«Онлайн-казиноға сайттағы Telegram арнасында жарна төлеу үшін жасалған сілтеме арқылы қосылып отырған. Төлем картшоттарға және электрондық әмиянға жіберіліп, оны толтырғаннан кейін ойынға қатысу үшін логин мен пароль жасақталады. Бәс тігу мен ұтысты шетелдік тұлғалардың картшоттары арлықы төленіп отырған», – делінген хабарлама.

Агенттік қызметкерлері Атырау, Ақтөбе және Ақтау аумағында тінту жүргізіп, заттай айғақтар – ойын бағдарламалары бар ноутбуктер, шетелдік тұлғалар мен Қазақстан азаматтарына берілген банктік қосымшалары бар телефондарды алған. Жалпы құны167 млн теңгені құрайтын дүние-мүлікке, онлайн-казиноға қатысы бар адамдардың банк есепшоттарына тыйым салынды.

Күдіктілер қазір уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оларға қатысты сот 2 ай мерзімге «қамау» бұлтартпау шарасына санкция берген.

Бұған дейін агенттік TikTok-та құмар ойындарға тартатындар көбейіп бара жатқанын ескерткен еді. TikTok желісінде құмар ойын ұйымдастырған Алматы қаласының 2 тұрғыны 4 айда 13 млн теңгеге жуық табыс тапқан. Тергеу қорытындысы бойынша олар 1,5 жылға бас бостандығынан шектелді.

Былтыр 9 айда құмар ойын мен бәс тігу қызметінің көлемі 456,2 млрд теңгеге жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,5 есе артық.

Сондай-ақ оқыңыз