15 шілдеден бастап, аптасына 5 рет Алматы – Үшарал – Алматы жаңа әуе бағыты ашылады

Жарияланды

QAZAQ AIR әуе компаниясы Алматы – Үшарал – Алматы бағыты бойынша рейстердің ашылғанын хабарлайды. Әуе қатынасы 15 шілдеден 8 тамызға дейін аптасына 5 рет орындалады.

Билеттерді қазірден бастап flyqazaq.com ресми сайтынан, сондай-ақ авиакомпанияның сату кеңселерінде брондауға және сатып алуға болады.

Билетті www.flyqazaq.com сайтынан сатып алғанда борттағы орынды алдын ала брондау, багаждың немесе қол жүгінің салмағын арттыру, борттағы тағамға, үй жануарлары мен спорттық жабдықтарды тасымалдауға тапсырыс беруге болады.

QAZAQ AIR 22 мамырдан Астанадан Талдықорғанға күн сайын ұшатын әуе рейсін ашқан болатын.  

Бұған дейін Мәдениет және спорт министрлігі Алакөлдегі демалыс орындарына сұраныс 5 есе артқанын хабарлаған.

Сондай-ақ оқыңыз