Кишинев әуежайында атыс болып, ұшақтар Молдованы айналып ұшуға мәжбүр болды

Жарияланды

Сурет ашық деректерден

Молдованың Кишинев әуежайында атыс болды. Sputnik-тің хабарлауынша белгісіз ер адам қару қолданып, екі адамға оқ атқан.

Қақтығыс нәтижесінде әуежайдаға шекарашы мен бір азамат қайтыс болды. Екі адамды мерт қылған шетелдік азамат кепілге тағы адам алып, әуежай бөлемелерінің біріне тығылған. Оқиға орнына Молдованың ішкі істер министрлігінің қызметкерлері келіп, әскерилер шабуылдау арқылы қылмыскерді ұстаған. БАҚ шабуыл барысында оның жараланғанын хабарлады.

«Кишинев халықаралық әуежайында қарулы оқиға орын алды. Онда шетел азаматын Молдова Республикасына кіргізуге тыйым салынды. Оны қайтару аймағына шығарып салу кезінде шекаралық полиция қызметкерінің мылтығын тартып алып, екі адамға оқ атып өлтірген. Агрессор арнайы жасақ көмегімен залалсыздандырылды, қазір қамауда», деп хабарлады Молдова үкіметі.

Молдова ІІМ баспасөз қызметі ұшақтар уақтыша ұшпайтынын, әуежайдың ұшақ қабылдамайтынын хабарлаған.

Кейбір деректерде оқ атқан азаматтың Түркиядан ұшып келгені айтылады. Молдова прокуратурасы лаңкестік әрекетті ұйымдастырғаны үшін оның үстінен Молдова Қылмыстық кодексінің 278 бабы, 4 тармағы – «Бірнеше адамды өлтірумен жасалған лаңкестік әрекеті» бойынша қылмыстық іс қозғады.

Сондай-ақ оқыңыз