Қазақстанның ЕАДБ-ғы үлесі артты

Жарияланды

Еуразиялық Даму банкінің инвестициялық портфелінің жалпы құны 13,4 млрд долларға жетті. Бұл жайлы Еуразиялық даму банкі кеңесінің кезекті отырысында айтылды.

Атап айтқанда, жинақталған инвестициялық портфельдің жалпы құны 2,5 млрд болған, жаңа жобаларға қол қою нәтижесінде оның құны 13,4 млрд-қа көтерілген. Бұл сома есепті кезеңге жоспарланған қаражаттан асып түсіп, рекордтық көрсеткіштерге жетті.

Жиынға қатысқан Премьер-министр Әлихан Смайылов инвестиция көлемінің артқанына назар аударды.

«Инвестиция көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда $1 млрд-қа жуық артты. Ағымдағы инвестициялық портфель өсуде. Біз Банктің тұрақты дамуы және сәйкесінше қатысушы елдердегі жобаларды қаржыландыру бойынша жұмысты жалғастыруымыз керек», деді Үкімет басшысы.

ЕАДБ басқарма төрағасы Николай Подгузов инвестиция көлемінің айтарлықтай өсуі 2022 жылы Банктің еуразиялық кеңістіктегі жетекші даму институты ретіндегі рөлін нығайтқан. Инвестицияның артуы нәтижесінде қатысушы елдер азаматтарының өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған Банк жобаларының жалпы саны 273-ке жеткен.

Сонымен бірге Қазақстанның банктегі үлесі артқан. 28 маусым күні қатысушы мемлекеттер арасында жарғылық капиталды қайта бөлу туралы шешім қабылданған. Нәтижесінже Ресей акциялар пакетінің бір бөлігі басқа мүше мемлекеттер арасында біркелкі қайта бөлінген. Осылайша жарғылық капиталдағы Ресей үлесі 66%-дан 44,8%-ға төмендесе, Қазақстанның үлесі 33%-дан 37,3%-ға өскен.

Сондай-ақ оқыңыз