Әуе билеттерінің негізсіз қымбаттауына жол берілмейді – Агенттік

Жарияланды

Фото: Freepik

Қазақстан әуе нарығында динамикалық баға белгілеу жүйесі реттеліп, НҚА-дан «отын алымы» түсінігі алынып тасталады. Бұл билет бағасының негізсіз көтерілуіне жол бермейді. Бұл туралы Үкіметтегі көлік, байланыс және отын-энергетика кешендеріндегі бәсекелестікті дамыту шаралары қаралған кеңесте айтылды.

Кеңес барысында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров экономиканың негізгі салаларында тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі, Үкіметпен бірлесіп жүргізіліп жатқан жұмыстар және бәсекелестікті дамыту жөніндегі жарлықтардың жобаларын әзірлеу қажет деді.

Азаматтық авиацияны дамыту шеңберінде барлық тасымалдаушылардың «Ашық аспан» режиміне қол жеткізуін толық қамтамасыз ету және авиациялық отын жеткізу нарығында бәсекелестікті дамыту мәселелері пысықталмақ.

Айта кетейік, елімізде әуе билеттерінің бағасы бір жылда 30 пайызға қымбаттаған. Нәтижесінде әуе компаниялары 4 айда 205 млрд теңге табыс тапқан.

Қазіргі уақытта 3 отандық және 26 шетелдік авиакомпания 102 әуе бағыты бойынша аптасына 494 рейс жиілігімен 27 мемлекетке халықаралық жолаушылар рейсін орындайды. 2022 жылы Қазақстаннан 7 елге 10 жаңа әуе бағыты ашылды. 

Сондай-ақ оқыңыз