Апелляциялық сотта Серік Күдебаевқа шыққан үкім өзгеріссіз қалды

Жарияланды
Серік Күдебаев

Фото: kursiv.media

Алматы облысы сотында полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың апелляциялық шағымы қаралды.

Облыстық соттың хабарлауынша, бірінші инстанциядағы судья шығарған үкім өзгеріссіз қалды.

Бұған дейін Қаңтар оқиғасынан кейін істі болған Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаев 10 жылға сотталды.

Сот барысында Күдебаев бірнеше рет сот отырысына келмей, соңында шетелге қашып кеткендіктен, қылмыстық істі тоқтатып, оған халықаралық іздеу жарияланды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов ол елден тау арасымен қашып кеткен болуы мүмкін екенін мәлім еткен болатын. 

Кейін Қырғызстанның әскери прокуратурасы қазақ генералы Серік Күдебаевты шекарадан заңсыз өткізу ісін тергеп, шекараны заңсыз кесуге көмектескен 4 азаматты қамауға алды.  

Сондай-ақ оқыңыз