Спорт саласы: мемлекетке 270 млн теңге залал келтірген 21 іс тергеліп жатыр

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Қаржылық мониторингі агенттігі дене шынықтыру және спорт саласын дамытуға бөлінген мемлекет қаржысының ұрлануының алдын алу бойынша жұмыс жүргізіп, осы жылдың 6 айында 269,3 млн теңге залалы бар 21 істі анықтаған. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Тексеріс барысында спорттық-сауықтыру іс-шараларының, нысандардың, құрама командалардың, бұқаралық спорттық іс-шаралардың, федерациялардың рейтингісі мен қауіптері көрсетілген тізбесі қалыптастырылған.

«Саланы қаржыландырудың жолдары мен көлемі, оның ішінде демеушілік көмек көлемін анықтау бағытында жұмыстар жүргізілді. 2023 жылдың 6 айында ғана Агенттікте жалпы сомасы 269,3 млн теңге залалы бар 21 іс тергелуде. Айта кетейік, ашық ақпарат көздерінен алынған мәліметтерге сәйкес, 2019-2023 жылдар аралығында спортты дамытуға шамамен 300 млрд теңге бөлінді», деп хабарлайды агенттік.

Агенттік тауарлар мен қызметтерді жоғарылатылған бағамен сатып алу, қызмет көрсетудің нақты орындалмауы және басқа да бұзушылықтарды анықтап, солар ойынша талдау жүргізіп жатыр.

Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде спортты дамытуға бөлінген бюджет қаражатының ұрлануына жағдай туғызатын себептер анықталып, мұндай заң бұзушылықтардың алдын алатын тетіктерді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленеді.

26 маусым күні Қаржы мониторингі агенттігі мемлекетке 109 млн теңгеге жуық шығын келтірген кәсіпкерге қатысты сот үкімі шықаннын хабарлады. ҚМА Қарағанды облысы бойынша Департаментінің ақпаратына сәйкес, кәсіпкер жұмыстарды нақты орындамай, қызмет көрсетпей және тауарларды тиеп-жөнелтпей шот-фактураларды жазып беріп отырған.

23 маусымда мектепке бөлінген 57,5 млн теңгені жымқырған құрылыс компаниясы басшысына үкім шықты.

Бүған дейін Алматы облысында мектеп 15 млн теңгеге сатылып кеткені белгілі болды.

Сондай-ақ оқыңыз