Тоқаев Дәурен Абаевқа Ресеймен стратегиялық серіктестікті нығайтуды тапсырды
Жарияланды
Фото: kursiv.media
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ресейдегі жаңадан тағайындалған елшісі Дәурен Абаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Кездесу барысында Мемлекет басшысы Ресей Федерациясымен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтудың аса маңызды екенін атап өтті.
Президент екіжақты қарым-қатынасты дамыту жөнінде Дәурен Абаевқа бірқатар тапсырма берді.
Еске сала кетсек, 3 шілде күні президенттің жарлығымен Дәурен Абаевты Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі етіп тағайындады.
Оған дейін Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ермек Көшербаев болған. 16 маусымда Президент жарлығымен Көшербаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.